• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Технология 26 Наурыз, 2020

Электронды цифрлық қолтаңбаны онлайн қалай алуға болады?

2536 рет
көрсетілді

Электронды цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) енді eGov порталынан онлайн алуға болады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев фейсбуктегі парақшасында жазды.

Деректерді сәйкестендіру үшін азаматқа селфи жасап, жеке куәлікті жүктеп, Халыққа қызмет көрсету орталығының бейнебайланыс арқылы қосылған қызметкерінің бірнеше сұрағына жауап беру керек.

Жуық арада электронды цифрлық қолтаңбаны мобильді қосымша арқылы іске қосу жоспарланған.