• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қаржы Бүгін, 19:24

БЖЗҚ зейнетақы активтері 25,9 трлн теңгеге жетті

10 рет
көрсетілді

2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) зейнетақы активтері 25,9 трлн теңгені құрады. 2025 жылы бұл көрсеткіш 12%-ға, яғни 2,7 трлн теңгеге өсті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Қор портфелінің құрылымында теңгелік активтер 59,6%-ды, ал шетел валютасындағы үлес 40,4%-ды құрайды. Инвестициялардың басым бөлігі мемлекеттік бағалы қағаздарға (43%), квазимемлекеттік сектор облигацияларына (9,2%) және екінші деңгейлі банктер облигацияларына (2,4%) бағытталған.

2025 жылы Сенаттың ұсыныстарынан кейін Ұлттық Банк инвестициялық стратегияны жаңартты. Атап айтқанда, АҚШ мемлекеттік бағалы қағаздарының үлесі 30%-дан 15%-ға дейін қысқартылып, акциялар үлесі 30%-ға дейін ұлғайтылды. Сонымен қатар, валюталық портфельге 10% көлемінде баламалы инвестициялар енгізілді.

Жаңа құрылым бойынша валюталық портфель жаһандық акциялардан (30%), дамушы нарық облигацияларынан (25%), корпоративтік облигациялардан (20%), баламалы құралдардан (10%) және дамыған елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарынан (15%) тұрады. Сарапшылардың бағалауынша, бұл тәсіл портфель кірістілігін арттыруға мүмкіндік береді.

ЕАЭО елдерінің 100 мыңнан астам азаматына зейнетақы жарнасы төленді

2025 жылдың қорытындысында БЖЗҚ активтерінің кірістілігі 7,43%-ды құрап, инвестициялық табыс 1,77 трлн теңгеге жетті. Ұлттық Банк алдағы уақытта портфельді әртараптандыруды жалғастырып, валюталық үлесті 40% деңгейінде сақтауды жоспарлап отыр. 

Айта кетейік, бұған дейін БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасын іске қосқанын хабарлаған едік. Бұл арқылы азаматтар зейнетақы активтерін интернет-платформа арқылы бақылай алады. 

Соңғы жаңалықтар