• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Наурыз, 2020

Президент Роза Рымбаеваға алғыс білдірді

117 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев эстрада әншісі Роза Рымбаеваға онлайн-концерт үшін алғыс білдірді.

«Жезтаңдай әнші, Еңбек Ері Роза Рымбаеваның онлайн концерті – халықтың рухын көтеретін нағыз өнер туындысы. Әлем елдеріне үлгі боларлық дүние. Розаға және барша мәдениет қайраткерлеріне халықпен бірге болып, шығармашылығымен қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамын. #Birgemiz», - деп жазды Президент Twitter-дегі парақшасында.