Алматыда Қарулы Күштердің әскери қызметшілері көшелерді, ғимараттарды және қоғамдық орындарды залалсыздандыру бойынша жұмыстарды кеңінен жүргізуде. Қаладағы зарарсыздандыру жұмыстарына Алматы гарнизонынан барлығы 2000-ға жуық әскери қызметшілер тартылған. Бүгінгі күнге дейін арнайы бөлімшелер Алматы қаласы бойынша мектептер, балабақшалар, балалар алаңқайларды, емханалар және терминалдар сынды 284 нысанында зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының баспасөз қызметінен.
Қазіргі таңда ҚР ҚК арнайы бөлімшелерімен залалсыздандыруға автобус аялдамалары, жаяу жүргіншілер жолы мен автокөліктердің тұрақтары жатады. Іс-шараларды жүргізу үшін жеке құрам арнайы техникамен, газсыздандыру қорғаныс жиынтығымен және залалсыздандыру ерітінділермен қамтамасыз етілген.
- Біздің басты мақсатымыз – инфекцияның таралуын тоқтату. Коронавирустың жаңа түрі ауада 3 сағаттан астам, ал заттардың үстінде 48 сағат сақталып, ауа-тамшы жолымен жұғу қауіпі жоғарылайды. Сондықтан көшелер мен қоғамдық орындарды залалсыздандыру коронавируспен күрестегі маңызды жұмыс. Бүгінгі таңда жалпы көлемі 1 млн 329 м2 құрайтын 81 нысан залалсыздандырылып, аталған жұмысқа 500-ге жуық адам және 24 «АРС-14» автоқұйылмалы стансалары тартылды, - деп атап өтті майор Алмас Қасымханов.
Бүгінде Алматы қаласының айналасында қойылған 21 блокбекетте карантин режимін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларына 230-ға жуық әскери қызметші қатысуда.
АЛМАТЫ