• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Наурыз, 2020

Карантин режимін бұзғандарға қандай жаза қарастырылады?

165 рет
көрсетілді

Төтенше жағдай кезінде карантин режимінің  талаптарын сақтамағаны үшін азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

- ескерту немесе 26,5 мың теңге мөлшерінде айыппұл;

- 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу (ӘҚБтК-нің 476-бабы).

Сонымен қатар, азаматтар құқық қорғау органдарының заңды талаптарына бағынбағаны үшін мынадай жазаға тартылады (ӘҚБтК-нің 667-бабы):

- 106 мың теңгеге дейінгі мөлшерінде айыппұл;

- 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу.

Сонымен бірге, төтенше жағдай кезінде билік өкілінің заңды талабына бағынбағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылады:

- 5,3 миллион теңгеге дейінгі мөлшерінде  айыппұл;

- немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру (ҚР ҚК 379-бабы).

Барлық шектеу іс-шаралары уақытша және инфекцияның таралуын болдырмау үшін ғана қабылданып жатқанын  айтып өткен жөн.