• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Наурыз, 2020

Жамбылда бүгінде коронавирусты инфекцияның 3 жағдайы тіркелді

436 рет
көрсетілді

Бүгінде Жамбыл облысының аумағында коронавирусты инфекцияның 3 жағдайы тіркелді. Науқастар 29, 46 және 24 жаста. Осы мәселеге орай бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында брифинг өтіп, Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов өңір аумағында ағымдағы жылы 27 наурыз күні тағы 2 жағдайдың тіркелгенін мәлімдеді. Коронавирустық инфекцияның алғашқы жағдайы Шу ауданында тіркелген болса, қалған 2 жағдай Қордай ауданынан тіркелген. Барлық 3 жағдай бойынша азаматтар Қырғыз елінен келген.

«Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 22 наурыздағы №26 Қаулысына сәйкес, дер кезінде жұқтырғандардың барлығы бір тәулікке карантиндік стационарға зертханалық зерттеу жүргізумен оқшауланған. Оң зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша жұқтырғандардың барлығы инфекциялық стационарға стационарлық емдеуге тасымалданды. Жұқтырғандардың жағдайы қанағаттанарлық. Барлық қажетті эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілуде, барлық байланыста болған адамдар анықталды. Байланыста болған адамдарды оқшаулау және зертханалық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Мекен-жайы және орналасқан жері бойынша ошақтарда дезинфекциялық өңдеу жүргізілді», деді Марат Жұманқұлов.

Жамбыл облысы