Кеншілер астанасында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы өңірлік штабының өкілдері және еріктілер көшеде жүрген адамдар мен қоғамдық көлік жүргізушілеріне медициналық маскалар таратты.
Бұл бетперделерді Қарағанды облысының ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері тіккен болатын.
– Мұны біз істемегенде кім істейді, – дейді жастар. – Біз көшеде кездескен адамдарға ғана емес, сонымен қатар қоғамдық көлік жүргізушілеріне де маска тараттық. Себебі, олар күн сайын көптеген адамдармен байланыста болады ғой.
Қарағанды облысы