• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Наурыз, 2020

Қарағанды: санитарлық бекеттерде 26 700 көлік, 54 мың адам тексерілді

239 рет
көрсетілді

Қарағанды облысының автомобиль жолдарына қойылған алты санитарлық бекет арқылы бүгінгі күнге дейін 26 700 көлік өткен. Байланыссыз термометрия 54 мыңнан астам адамға жасалды.

Аталған бекеттерде полиция мен санитарлық қызмет мамандары кезекшілік етеді. Олар жүргізушілер мен жолаушылардың денсаулық жағдайын тексереді. Чғни, тепловизордың көмегімен температуралық бақылау жүргізіледі.

Бүгінгі күнге дейін Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын төрт адамның жұқтырғаны расталды. Олардың бәрі сырттан келген, Қарағанды облысының тұрғындары емес. Науқастар қазір оқшауланған бокстарда емделуде. Дәрігерлер олардың жағдайын қанағаттанарлық деп бағалайды.

Карантинде 295 адам тәулік бойы бақылауға алынған. Бұл 1А санатындағы елдерден оралған немесе шартты түрде жұқтырған адамдармен байланыста болған азаматтар. Тағы 342 адам үй жағдайында карантиннен өтуде.

Облыста 9 мыңнан астам нысанда санитарлық-дезинфекциялық режим күшейтілген. Тәртіп бұзушылықтар қатаң қадағаланады және жедел түрде жойылады. Кінәлі адамдарға айыппұл тағылады немесе әкімшілік қамауға алынады.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері әкімшілік сотқа 80-нен астам іс тапсырды. Оның 28-і бойынша шешім шығарылды. 11 жағдайда әкімшілік қамауға алынып, ал қалғандары бойынша айыппұл салынды. Алдағы уақытта тағы 54 іс қаралатын болады.

 

Қарағанды облысы