• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Технология 27 Наурыз, 2020

Көкшетауда мобильді қосымша арқылы қызмет көрсетіледі

129 рет
көрсетілді

Індеттің таралуына жол бермеу мақсатында халыққа қызмет  көрсету орталықтарының  жұмысы уақытша тоқтатылды. Мемлекет басшысы   Қасым-Жомарт Тоқаев   елдегі төтенше жағдайға байланысты өткізілген комиссия отырысында осындай тапсырма берген болатын.  

Бүгінгі таңда қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтердің 80 проценті «Электрондық үкімет» порталы арқылы қолжетімді, сондай-ақ қажетті анықтамаларды eGov Mobile мобильдік қосымшасы және «Telegram»-дағы egovkzbot 2.0 боты арқылы алуға болады. Бір уақытта байланыс орталығының мамандары мыңнан астам азаматқа кеңес бере алады деп жоспарлануда.

– Автокөлік иелері көлікті қайта тіркеген немесе жүргізуші куәлігін онлайн түрде ауыстырғанда дайын құжаттары мен нөмірлерді өз қалаларындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарынан ала алады. Дайын құжаттарды беру терезесі жұмыс істейді. Бұл тек дайын құжаттарды алуға ғана жасалған шара. Қалған қызмет түрі электронды қызмет арқылы рәсімделеді,–дейді «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы облыстық филиалы  директорының  орынбасары Нұрбек Қайыржанов.

Цифрландыру жүйесінің жетістігі ел кәдесіне жарап-ақ тұр.

Ақмола облысы