Облыс орталығында коронавирус індетінің алдын-алу мақсатында барлық сақтық шаралары жасалуда. Көпшілік жүретін орындар дезинфекцияланды.
Қала әкімдігі жанындағы «Көкше-ветсервис» коммуналдық мекемесі дезинфекциялау шараларын наурыздың 17-сінен бастаған. Олар бүгінге дейін облыс орталығындағы 253 аялдаманы залалсыздандырды.
– Көкшетау қаласының қырықтан астам аялдамасын бір күнде дезинфекциялаймыз. Жұмысты сапалы жүргізу үшін дезинфекциялауға қажетті барлық заттар бар. Техникамыз сай, – дейді «Көкше-ветсервис» коммуналдық кәсіпорнының директоры Еркін Есілбаев.
Қалада көпқабатты 890 тұрғын үй кешені бар. Көкшетаудағы жеке пәтер иелері кооперативтері де подъездерді залалсыздандыруда. Ал қала ішіндегі тас жолдарды дезинфекциялау шаралары тиісті құрал-жабдықтар сатып алынған соң жүргізіледі.
КӨКШЕТАУ