• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Наурыз, 2020

Сот ісін жүргізуде IT-технологиялар белсенді қолданылып жатыр

246 рет
көрсетілді

Жоғарғы Сот төтенше жағдай кезінде сот ісін жүргізуде IT-технологияларды белсенді қолдану бойынша бірқатар шұғыл шара қабылдады. Бұл туралы Жоғарғы Соттың баспасөз хатшысы Айдос Сәдуақасов хабарлады.

Азаматтардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету мақсатында істерді қашықтықтан қарау режимі қолға алынып, республика соттарында ұялы бейнебайланыстың 152 сервері іске қосылған. 18-19 наурызда қосымша 85 сервер орнатылды. Биыл 16-20 наурыз аралығында бейнебайланыс арқылы 3 мыңнан астам сот отырысы өтті. Соның ішінде 1846-сы – ұялы, ал 1301-і – стационарлық режимдегі бейнебайланыс арқылы қосылды.

Сонымен қатар «Сот кабинеті» қызметі 90-нан аса құжат түрін электронды түрде жолдауға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда соттарға 190 мыңнан аса электронды өтініш жолданған.

Судьялар мен сот қызметкерлерінің 70%-ы қашықтан жұмыс істеу тәртібіне көшті.