• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Наурыз, 2020

Алматыда індеттен жазылған екінші адам бар

278 рет
көрсетілді

Бүгін, 27 наурызда Алматыда қалалық жұқпалы аурулар ауруханасынан COVID-19 расталған екінші пациент жазылып шықты.

Бұл пациент, Алматыға 13 наурызға қараған түні Берлин-Минск-Алматы чартерлік рейсімен келген ер адам.

Ол вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алған. Ауру жеңіл түрде өтті. Емдеу кезеңінде асқынулар болған жоқ. Қазір ол емхананың медициналық қызметкерлерінің қадағалауында болатын 14 күндік үй карантиніне шығарылды .

Еске сала кету керек, Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, экипажды қоса алғанда, борттағы барлық 12 адам жұқпалы аурулар стационарына карантинге жатқызылып, оқшауландырылған.

Ертең, бақылау талдауы  расталғаннан кейін тағы бір пациентті шығару жоспарланып отыр. Ол  қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатқан 12 жасар қыз.

 

АЛМАТЫ