• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
Әлем 27 Наурыз, 2020

Қазақстан азаматтары пандемия кезінде Швейцарияда қабылданған шаралар туралы ақпаратты тұрақты түрде алып тұрады

170 рет
көрсетілді

Швейцарияда 16 наурыздан бастап төтенше жағдай енгізілгеннен бері, Елшілік 26 азаматымыздың Швейцариядан Мәскеу, Ыстамбұл және Минск арқылы Қазақстанға қайтуына ықпал етті, олардың ішінде 18 қазақ студенттері. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

Қазіргі уақытта Минск Қазақстан Республикасының азаматтарының Швейцариядан Қазақстанға оралуының жалғыз дәлізі болып табылады.

Қазақстандықтардың көпшілігі ұшу кезінде ауру жұқтыру қаупіне байланысты Швейцарияда қалу туралы шешім қабылдады. 

Елшілік Қазақстан азаматтарымен үнемі байланыста. Елшіліктің веб-сайт, әлеуметтік желілер арқылы Қазақстан азаматтары коронавирустық пандемия кезінде Қазақстан мен Швейцарияда қабылданған шаралар туралы ақпаратты тұрақты түрде алып тұрады.