• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Наурыз, 2020

Павлодарда 758 жеке кәсіпкерге салықтық жеңілдіктер берілмек

156 рет
көрсетілді

Облыс әкімдігінің мәліметінше, коронавирус індетіне орай елімізде қабылданған Төтенше жағдайға оарй өңірдегі 427 ірі сауда кешендері, кинотеатрлар, театрлар, көрмелер орындары, спорт нысандары мүлік салығынан бір жылға босатылмақ.

Сондай-ақ, 758 жеке кәсіпкер үшін де салықтық  жеңілдіктер қарастырылған.

Ал III тоқсанның  салық есептілігін тапсыру мерзімі ауыстырылады. Шағын және орта  бизнес нысандарының өздеріне жалға берілген коммуналдық меншік нысандары бойынша жалгерлік ақысын есептеу  де 3 ай мерзімге тоқтатылды.

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың осындай Қаулысының 388 кәсіпкерге қатысы бар. Сонымен бірге, квазимемлекеттік сектордағы субъектілер үшін де жалгерлік ақыны есептеу тоқтады.

Қазір әр қала мен аудандардр бизнес нысандарының,  тәуекел аймағындағы бизнес нысандарының қызметін бақылайтын мониторингтік топтар жұмыс жасауда.

ПАВЛОДАР