Италия Денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай жөніндегі комиссар Доменико Аркуридің мәлімдемесі бойынша, елде бір тәулікте коронавирустан қаза болғандар 969 адамды құраған. Елде жалпы қаза тапқандар саны 9134-ке жеткен.
Д.Аркуридің 27 наурыз күнгі дерегінше, 589 адам сауыққан, ал жалпы 10 950 адам коронавирустан жазылған. Жақында елде 999 науқас сауығып шықты, олардың саны үш күн қатарынан өсіп келеді.
Қазіргі уақытта коронавирусты италиялық 66 414 азамат жұқтырған, тәулік ішінде бұл көрсеткіш 4 401-ге өскен. Комиссардың айтуынша, жарақаттанған және сауығып кеткендердің жалпы саны 86,5 мыңға жетті. Жақында ғана бұл көрсеткіш 80,5 мың адам болған.
Айта кетейік, Италия коронавирус жұқтырғандар саны бойынша Қытайдан асып түскен. Қытайда 81,3 мың факт тіркелген-ді.
Д.Аркури «Келтірілген деректер санитарлық дағдарыстың қаншалықты ауқымды екенін көрсетеді», дейді.