• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Әлем 28 Наурыз, 2020

Германия: Қоғамдық көлік қатынасына шектеу қойылады

205 рет
көрсетілді

Коронавирус шеңгеліне арандаған Германияда 46 мыңнан астам адам аталған вирусты жұқтырған. Еуропа елдері арасында коронавирус жұтырған адамдары саны жөнінен Италия мен Испаниядан кейінгі үшінші орында тұрған бұл ел індетке қарсы шараларды күшейтіп, қоғамдық көлік қатынасына шектеу қоюды қарастырып жатыр.

Соңғы бір тәулікте Германияда 5780 адам коронавирус жұқтырған. Елде 55 адам қайтыс болды. Үкімет шешімімен індеттің таралуына қарсы қатал шаралар қабылданса да, тіпті 2 адамнан артық жиналуға тыйым салынып, барлық дәмханалар жабылса да жағдай ушығып тұр. Енді қоғамдық көліктегі жолаушылар санын азайту көзделіп отыр. Жуырда теміржолшылар одағы пойыздар санын екі есе қысқартуды талап етті. Біріншіден, бұл вирустың таралуына жол бермейді.

Ресми дерек бойынша ел ішіндегі саяхат саны 30%-ға қысқарған., Германия денсаулық сақтау министрі Йенс Шпанның айтуынша, індет таралуын бәсеңдету үшін қоғам тіршілігіне шектеу қою қажет. Халықтың вирусқа осал топтарын қорғауға алып, оларға қамқорлық көрсетудің жаңа шешімдері әзірленбек. Вирусқа қарсы шараларды жұмсарту туралы әңгіме қозғауға әлі ерте. Сондай-ақ ол қатал шаралар бизнеске зиянын келтіріп тұрғанын, шекара жабылғандықтан елге туристер келмей қалғанын, көбісі қашықтан жұмыс істеу тәртібіне көшкенін айтады.

Елде такси жүргізушілері күнделікті табысы жүздеген еуродан жиырма еуроға түскенін жасырмайды. Мәселен, германиялық таксиші Ади Венера өз сұхбатында: «Осыдан сегіз күн бұрын жұмысым екі есе азайғанын айтып едім. Қазір болса 90%-ға азайды. Елу жылдық таксилік жұмысымда мұндай жағдай кездеспеген» депті.

Айта кетейік, елде автобуспен жолаушыларды тасымалдайтын 400-дей фирма зор шығынға батқанын жариялаған. Кәсіпкерлер алдағы төрт аптада жағдай тұрақталмаса, банкрот жариялауға немесе үкіметтен көмек сұрауға мәжбүр болатынын ескертіп отыр.