• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 28 Наурыз, 2020

Голливуд актрисасы саяси пікір айтып, жұмысынан айрылды

166 рет
көрсетілді

Адамдар әртүрлі. Дүниежүзін дүрбелеңге салған пандемияның кейбіреулерге әсері аз боп жатқаны да белгілі. Бұндайды қазақ «қырық адам бір жақ, қыңыр адам бір жақ» дейді. Сондай «қыңырдың» бірі күні кеше Голливуд актрисасы Эванджелин Лилли шәй ішіп отырып, өз балаларын гимнастика жаттығуына  жібергенін, жалпы олардың отбасы карантин режимін сақтамайтынын баяндапты. Бұл туралы  instyle.ru. жазады.

Енді оқырмандар актрисаны жауапкершілігінің төмендігі, эгоистігі үшін айыптап жатыр. Актрисаның өзі «кейбір адамдар өз өмірін бостандықтан да артық көреді. Ал кейбіреулер бостандықты өмірден артық санайды. Біз өзіміз таңдау жасаймыз»-депті парақшасында. Ол сондай-ақ, «коронавирус – жәй ғана тұмау. Осыны пайдаланып кейбіреулер президент сайлауына әсер еткісі  және  адамдар арасында дүрбелең тудырғысы келеді»-дейді.

We Got This Covered басылымы  бүгінгі таңда Marvel студиясы Лиллимен әріптестік байланысты үзгісі келетінін хабарлады. Басшылық оның пікірлерін жаратпай отырғанға ұқсайды. Оның «Адам-құмырсқа-3» фильміндегі экрандық сәттерін, яғни, оның осы фильмдегі бейнесін алып тастамақ. Ары қарай мүлде онымен келісім-шартты бұзбақ.