• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
28 Тамыз, 2013

Ата-анасын балталаған қаныпезер

383 рет
көрсетілді

Шымкент қаласының 22 жасар тұрғыны өзінің ата-анасын балталап өлтірді. Қанды оқиға «Қайтпас-1» шағын ауданында орын алды. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлады.

Өз үйінде қан-жоса болып жатқан ерлі-зайыптыларды көршілері көріп, дереу полицияға хабар береді. Тергеу нәтижесі бойынша оларды балтамен өлтірген кенже ұлы екені анықталды. Қандықол айыпталушы өз жауабында ағасына ата-анасының жиі ұрыса беруі себепті осындай әрекетке барғанын айтты. Ол бұған дейін адам тонағаны үшін сотты болған.

Бақытбек КЕНЕШҰЛЫ.