• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Экономика 28 Наурыз, 2020

Әлемдік дағдарыс авиация саласына да әсер етуде

256 рет
көрсетілді

Коронавирустық пандемия авиациялық техникасы өндірісіне әсер етіп, өндіруші компаниялар жаңа гигиеналық талаптарды ескере отырып, флотты дамыту мен жаңа ұшақтар алу жоспарларын қайта қарастыруда.

Әуе кемелері өндірісіне әсер етіп отырған келесі бір жағдай - мұнай бағасының төмендеуі. Әуе компанияларының жолаушыларды тасымалдау саласындағы жаһандық кірістері коронавирустық пандемияға байланысты 2020 жылы 44% төмендеуі мүмкін, делінген Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) мәліметтерінде. IATA талдауы бойынша Азия-Тынық мұхиты аймағындағы авиакомпаниялар өткен жылмен салыстырғанда көп шығынға ұшырауы мүмкін, яғни, кем дегенде табысы 88 милрд долларға азаяды. Екінші орында еуропалық авиакомпаниялар – -  76 млрд доллар, ал Солтүстік Америка да – - 50 млрд доллар.

IATA басшылығы халықаралық рейстер тоқтатылғаннан кейін компаниялар айтарлықтай дағдарысқа ұшырайтындығын айтып, әрбір ел азаматтық авиацияға көмек қолын созуы қажет деп санайды.  Бүгінде  IATA әлемдегі әуе сапарларының 82% құрап отырған 290 авиакомпания мәліметтерін талдау мүмкіндігіне ие.