• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Наурыз, 2020

Нұр-Сұлтанда волонтерлер 3,2 мың азық-түлік себетін таратты

118 рет
көрсетілді

Елорданың белсенді волонтерлері карантинге қарамастан көмекке мұқтаж азаматтарға азық-түлік себетін тарату акциясын жалғастыруда деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының Волонтерлер штабы Nur Otan партиясы мен Jas Otan ЖҚ еріктілерімен бірлесіп, халықтың әлеуметтік осал топтарына қажетті азық-түлік тауарлары мен гигиеналық құралдар (медициналық маска, антисептикалық құралдар) таратуды жалғастыруда. Бүгінге дейін 3 200-ден астам себет үлестірілген. Жалпылай алғанда, азық-түлік себеттерінің шамамен 5 мыңы таратылады деп жоспарлануда.