Бүгін, 28 наурыз күні Алматыда қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасынан COVID-19 анықталған 12 жасар қыз емделіп, үйіне шықты.
Ол вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды. Ауру жеңіл түрде өтті.
Естеріңізге сала кетейік, қыз 13 наурызға қараған түні Берлин-Минск-Алматы чартерлік рейсімен ұшып келген болатын. Экипажды қоса алғанда барлық борт оқшауланған.
Нәтижесінде, бұл – бүгінгі күні стационардан шыққан үшінші науқас.
Барлық босатылған науқастар клиниканың медициналық қызметкерлерінің бақылауымен үйге 14 күндік карантинге жіберілді.