• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
Әлем 29 Наурыз, 2020

Үндістандағы отандастарымызды қайтару үшін ұшақ жіберіледі

241 рет
көрсетілді

Қазақстан Үндістанда қалған 100-ге жуық отандасымызды елге қайтару үшін ұшақ жібереді. Бұл туралы Қазақстанның Үндістандағы Елшісі Ерлан Әлімбаев хабарлады.

Қазақстанның Үндістандағы Елшісі Ерлан Әлімбаев Facebook парақшасында арнайы бейне-жолдауын жариялады.

«Өздеріңіз білетіндей, Үндістанда карантин жарияланды. Яғни, 14 сәуірге дейін ел ішіндегі көптеген іс-шараларға шектеу қойылды. Бұған дейін 15 сәуір аралығында халықаралық әуе рейстеріне де шектеу қойылған болатын. Осыны ескере отырып, Үндістанда қалған 100-ге жуық қазақстандық үшін қолайсыздықтар болатынын жоққа шығармаймыз», - деді Е. Әлімбаев.

Елшінің айтуынша, Қазақстан үкіметі отандастарымыздың оралуы үшін арнайы ұшақ жібереді.

«ҚР Үкіметі қазақстандықтар үшін арнайы коммерциялық ұшақ жолдауды жоспарлап отыр. Келісім болған жағдайда «Гоа-Шымкент» немесе «Дели-Гоа-Шымкент» бағытында ұшатын бұл ұшақ 125-140 жолаушыны алып кете алады. 100 жолаушы болған жағдайда билет құны 650-700 доллар құрайтынын ескеруді сұраймын. Көптеген азаматтар бұл бағаның жоғары екенін ашық айтты. Дегенмен, Үндістанда 14-нен кейін де карантин уақыты ұзартылатынын ескере отырып, ойланып, елшілікке хабарласыңыздар», деді Елші.