• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Наурыз, 2020

Коронавируспен күреске Ұлттық қор қаражаты пайдаланылады

224 рет
көрсетілді

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев хабарлады. 

«Қазақстанда дағдарысқа қарсы күреске бөлінген қаржының жалпы көлемі 4 трлн теңгеден асады. Бұл шығындар республикалық бюджеттен 2,1 трлн теңге және инфрақұрылымдық облигацияларға қаражат тарту есебінен жүзеге асырылады. Сонымен бірге, Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт 1 трлн-ға артты. Коронавирус жағдайына байланысты өткен алғашқы брифингтердің бірінде мен Ұлттық қордың қаражаты пайдаланылмайтынын айттым. Бұл мәлімдеме дұрыс болмады, сол себепті кешірім сұраймын», - дейді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.