• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
28 Тамыз, 2013

Аналық алғысым шексіз

463 рет
көрсетілді

Несін жасырайын, жаңа оқу жылы алдында балаларымды мектепке дайындау кезінде қатты қысылатын жандардың бірімін. Ұлым мен қызымды құрбы-құрдастарындай жарқыратып киіндіріп, оқулықтарын түгендеп, сөмкелерін толтырып, мектепке көтеріңкі көңіл-күймен баруларына жалғызілікті ана ретінде жағдайым келе бермейді. Осыны білетін болу керек, кеше өздері оқитын Ісләмия Саттаров атындағы №57 мектеп-лицейге шақырылып, үйге қуанып қайтты. Онда мен сияқты отбасы оқушыларына киім, оқу құрал-жабдықтары сыйланған екен. «Мектепке жол» акциясы бойынша балаларыммен сыныптастардың ата-аналары Берден Башаров, Нұржамал Келімбетова, Ербол Бұқаршиндердің оқушыға не керектінің бәрін тарту етуі көңілімізді өсіріп тастады. Бір мен ғана емес, әлеуметтік жағдайы әлсіздеу басқа да отбасылар шәкірттеріне осындай қамқорлық көрсетілді. Шынайы ізгілік бейіл шуағына бөлеуші осындай кең жүректі жандарға аналық ақ алғысым шексіз. Солардың арқасында балаларым мектебіне қуанып баратын болды.

Халқымызға тән бір-бірімізге деген қамқор көңілге жаңаша жарасым таптырған аталған шара жақсылығын ұмытпақ емеспіз.

Мақпал МЕТЖАНОВА.

ҚАРАҒАНДЫ.