Осы уақытқа дейін Алматыда індетке шалдыққан 67 науқас болса, бес адамның сауығып, 14 күндік үй карантиніне шыққанын қуана хабарлаған болатынбыз. Бұлар – үш ер адам, 1 әйел кісі және 12 жасар қыз бала. Жексенбі күні тағы 2 адам емделіп, отбасына оралды.
Бүгін, жексенбі күні қалалық жұқпалы аурулар стационарларында барлығы 60 науқас коронавирустық инфекциядан емделіп жатыр.
Жаңадан анықталған 9 науқастың 6-уы инфекция жұқтырғандармен байланыста болғандар. Бір әйел адам 19 наурызда Минск–Алматы рейсімен, бір пациент Дублин–Ыстамбұл–Алматы бағытымен және бір адам Ыстамбұл–Алматы рейсімен ұшып келген.
Жалпы алғанда, бүгінгі күні провизорлық орталықтарда 1032 адам бар. Оның 122-сі – бала, 159 адам карантиндік оқшаулауда, 1514 адам үй карантинінде отыр.
АЛМАТЫ