• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Наурыз, 2020

Қайырымдылық акциясының ауқымы кең

815 рет
көрсетілді

Коронавирус ошағын жою мен ауыздықтауға байланысты елімізде жарияланған төтенше жағдай халықтың осал топтарын қолдауға қатысты жұмыстарды жүргізуге тұсау сала алмады.

Бұл бағытта Ақтөбе облысында қайырымдылық акциялары тұрақты сипат алып келеді. Бұған бірінші кезекте «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік өкілдері мен «Қызыл ай» қоғамының облыстық филиалы ұйтқы болуда. Сөйтіп олар бүгінгі күні медицина медбикелеріне індетке қарсы қолданылатын гегиеналық құрал-жабдықтар жетістіріп беріп отыр. Екінші кезекте аталған ұйым жанашырлары тұрмысы төмен және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға азық-түлік пакеттерін таратып жүр. Сауабы мен шапағаты мол іске еріктілер және ақтөбелік іскер әйелдер кеңесінің мүшелері де бір кісідей жұмылған. Олар арнайы тізім бойынша әзірленген заттар мен азық-түлікті жоғарыда аталған санатқа кіретін жандардың мекен-жйларына жеткізіп беруде.

-Қазіргі кезде пандемияға қарсы батыл іс-қимыл таныту қызметіміздің басты бір бөлігіне айналды. Соның нәтижесінде бізге әлеуметтік жай-күйін хабарлайтын адамдардың қатары күннен-күнге өсіп келеді. Біз олардың арасынан көмекке шын мұқтаждарын анықтап, кезекке қоямыз. Әрине олардың бәріне бір мезгілде көмек көрсету оңайға түсе бермейді. Сондықтан бұл үшін купон тартып, кейбір бағдарламаларымыздан түскен қаражатты осындай игі істерге аударамыз дейді «Қызыл ай» қоғамы филиалының директоры Нұрлан Үдербай.

Тұтастай алғанда бүгінгі күні облыс бойынша 4500 отбасыға әлеуметтік өкмек көрсету шаралары белгіленген.