• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Наурыз, 2020

Павлодар облысында МӘМС-ке қатысатын 14 мыңға жуық адам анықталмаған

314 рет
көрсетілді

Сәуір айынан бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қатыспағандар тегін көмек ала алмайды.

Ал,  «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес АҚ-ның облыс бойынша директоры Нұрлан Қасымовтың айтуынша, өңірде 14 мыңға жуық адамның мәртебесі анықталмаған. Қазір оларды іздестіру шаралары  жүргізілуде.

Бұған дейін филиал мамандары «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің» тиімділігін түсіндіріп,  аудан орталықтары мен шалғай ауылдарды аралап, кездесулер  өткізген.

Тіпті, осы жүйе арқылы бағасы қымбат МРТ, КТ құрылғыларынан тегін өткен тұрғындар да аз емес. 

Ал, мәртебесі анықталмағандар тегін қызметті алуы үшін екінші деңгейлі банктер арқылы ай сайын жарна аударуы керек.

-Қазіргі уақытта емханаларда ақша төлеуге арналған терминалдар орнатылуда. Өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған адамдар жарнаны ай сайын төлегені жөн. Барлық қаржы Ұлттық банкіндегі қордың есебіне келіп түседі. Қаражат келісімшартқа отырған медициналық ұйымдардың қызметі үшін төленеді,-дейді Н. Қасымов.

Жергілікті тұрғындар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты толық ақпаратты fms.kz сайтынан ала алады. Келісімшартқа отырған барлық медициналық ұйымдарда арнайы стикерлер орнатылған.                 

Павлодар облысы