• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Наурыз, 2020

Елордадағы №2 қалалық емхана тәулік бойы жұмыс істейді

222 рет
көрсетілді

Аталмыш емханада ЖРВИ белгілері бар науқастарды ғана қабылдайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мәлімдеді.

«2 қалалық емхана тәулік бойы жұмыс істейді. Бұл емхана базасында жедел респираторлы вирустық инфекциялары бар пациенттерді қабылдау үшін обсерваториялық емхана ашылды. ЖРВИ  белгілері бар науқастарды тек қана №2 қалалық емханада қабылдайды. Емханада емделушілерге коронавирустық инфекцияға зертханалық-диагностикалық зерттеулер жүргізіледі», деді Б. Мәкен.

Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары мұндай қиын кезеңде түсіністік танытып, медицина қызметкерлерінің нұсқауларын бұлжытпай орындау қажеттігін ескертті.