Әлемдік статистика бойынша коронавируспен ауырғандар саны 100 адамнан асқаннан кейін, күн сайын 33 пайызға өсіп отырады екен. Ауруханаға жатуға мәжбүр науқастардың саны 20 пайызға, интенцивтік терапияны қажет ететіндер 5 пайызға көбейген.
Зерттеушілердің сөзіне сүйенсек, келесі 3 аптаның ішінде COVID-19 жұқтырғандар саны 220 мыңнан асып түседі. Бірақ көбісінің ауруы жеңіл түрде өтетіндіктен ескерілмей қалады. Олардың тұжырымы бойынша Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің критикалық саны 2 мыңнан аспайды. Себебі вирустың алдын алу шаралы өте белсенді. Егер ауырғандар саны бұл деңгейден асып түсетін болса адам шығыны көбеюі ықтимал.