Бүкіл әлемді шарпыған індет өкінішке орай Қазақстанды да айналып өтпеді. Бұл майдан халықтың төзімі мен елдің бірлігін сынға салды.
Үнемі игі істердің басынан табылатын шымкенттік кәсіпкер, «Бал_текстиль» ЖШС директоры Талғат Ысқақов коронавирус індетіне қарсы күреске 5 млн. теңге аударып, өз үлесін қосты.
Қазақ кілемін бренд ретінде әлемге танытып жүрген кәсіпкер аты жаман індеттің алдын алу барша отандастарымыздың міндеті екендігін тілге тиек етті.
- Бұл індетті жеңу үшін жұдырықтай жұмылып, ортақ мақсатқа күш біріктіруіміз қажет. Талай зобалаңды өткерген ұлы елдің ұрпағы ретінде бұл індетті де жеңеміз деп сенемін. Біз біргеміз, - дейді кәсіпкер Талғат Ысқақов.