Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналардан берген мәлімдемесінде айтты.
- Мұқтаж адамдарға қолұшын береміз. Бұған ешқандай күмән болмауы керек. Ең бастысы, шыдамдылық, төзімділік және жауапкершілік танытайық. Біз – рухы асқақ, бірлігі бекем, еңсесі биік халықпыз. Сондықтан, бұл сынақтан да сүрінбей өтіп, қиындықты бірге еңсереміз деп сенемін. Басты тойларымыз әлі алда. Төрт құбыламыз түгел болсын, ағайын! Біз біргеміз! - деді Президент.