• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Сәуір, 2020

Атырау: 2 үй карантиндік стационарға дайын

174 рет
көрсетілді

Атыруда 9 қабатты 2 үйдің карантиндік стационарға берілетіні белгілі болды.

Бұл туралы мәлім еткен Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ринат Жаңғылышовтың айтуынша,  Береке шағын ауданында 240 пәтерлі көпқабатты 10 үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Мұнда 3 үй пайдалануға берілді. Екі үйдің де бір қабатына апатты жағдайдағы баспана тұрғындары орналасқан.

«Тағы 2 үй дайын тұр. Бірақ, аймақта коронавирус инфекциясының таралуына байланысты бұл үйлерді оқшаулау орны ретінде пайдалануға шешім қабылданды. Бұл үйлердің әрқайсысында 240 пәтер бар. Яғни, 2 үйде 480 орын бар» деді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ринат Жаңғылышов. 

Қазір екі үйді полиция қызметкерлері оқшаулады. Енді мұнда дезинфекция шарасы жүргізілмек. Кейін мұнда дезинфекцияны 3 күн сайын жүргізеді. 

«Мұнда індет жұқтырғандармен байланыс жасаған адамдар уақытша орналасады. Бұл тұрғындарға  қауіп туғызбайды» деді Ринат Жаңғылышов. 

 

Жұмасат ҒАЗИЗ