• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Сәуір, 2020

Қарағанды облысында Saryarqa Jastary 7 мың адамға көмектесті

340 рет
көрсетілді

Төтенше жағдай енгізіліген уақыттан бері Қарағанды облыстық Saryarqa Jastary еріктілер штабы үлкен шаруаларды тындырып жүр. Мысалы олар осы уақыт аралғында 7 мыңға жуық зейнеткер мен мүмкіндігі шектеулі адамға азық-түлік, медициналық дәрі-дәрмектер мен алғашқы қажеттілік заттарын сатып алып, жеткізіп берді.

Бүгінгі күнде штаб облыста 80-нен астамқайырымдылық акциясын өткізіп, оған 700-ге тартаволонтер қатысты. Ерікті көмекшілер 1457 азық-түлік себетін, 5500 дана медициналық масканы таратып, мұқтаж жандардың алғысын алды. Нақты айтқанда, барлығы 7 мыңнан астам адам көмек алды.

Қарағанды облысының бес қаласында 30 наурыздан бастап карантин енгізілгені белгілі. Осыған байланысты өңірдің қалалары мен аудандарының еріктілері қарт адамдар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға азық-түлік, дәрі-дәрмек және жеке гигиена құралдарын сатып алып, жеткізіп беруге кірісті. Бұл жерде айта кететін бір жайт, тауарлар қажет еткен тұрғындар есебінен төленеді, ал еріктілер оларды тегін жеткізіп береді.