• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 01 Сәуір, 2020

Walt Disney басшылары жалақыларынан бас тартты

224 рет
көрсетілді

The Walt Disney Company басшылығы пандемия кезеңіндегі қиын-қыстау уақыттарда компанияға қолдау білдіру үшін айлық жалақыларынан бас тартты. Бұл туралы «The Hollywood Reporter» сайты  хабарлады.

Бас директор Боб Чапектің қолына айлығының жартысы тисе, ал, атқарушы продюсер Боб Айгер жалақысын мүлде алмайды. Disney компаниясының басқа басшылары өздерінің айлық жалақыларын 20-30 пайызға дейін қысқартқан. Басшылар дағдарыс кезеңінен өткенше осылай қалдыруды жөн көріп отыр.

Жалақысынан бүтіндей бас тартып отырған Айгер әлемдегі медиаиндустрия мен сауық саласындағы ең жоғары төленетін басшылардың қатарында. Мысалы, ол өткен жылы 47,5 миллион доллар көлемінде табыс тапса, 2018 жылғы табысы 65,5 миллион доллардан асқан. Ал, Боб Чапектің бас директор ретіндегі  базалық жалақысы – 2,5 миллион доллар. Сондай-ақ оған қосымша бір жылдық сыйақысы 20 миллион долларды құрайды екен.

«Егер біз күш біріктіретін болсақ бұл қиындықты жеңеміз әрі осы кезеңнен бұрынғыдан да мықты боп шығамыз. Бірақ біз қаржылық қиындықтардың алдын алуымыз үшін шаралар қарастыруымыз керек»-делінген Чапектің компания қызметкерлеріне жазған хатында.

   Айта кету керек, айлық жалақысынан түгелдей, жартылай немесе оның ширек бөлігінен бас тартып жатқандар Disney компаниясындағы түрлі деңгейдегі басшылар. Оған қоса Fox компаниясының басшылары да жалақыларын пандемия кезеңінде құрбандыққа атады. Өйткені бұл екі компания былтыр біріккен болатын.