Нұр-Сұлтан қаласында 15 тұрғын үйдің кіреберісі карантинге жабылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Короновирус жұқтырған тұрғындар стационарға жатқызылды. Олармен байланыста болған адамдар анықталды. Тұрғын үйлердің кіреберістерде дезинфекция жүргізілді.
Тұрғындар – үй карантинінде. Оларға үйден шығуға тыйым салынады. Басқа адамдарға да баруға болмайды. Аумақ қоршалды. Зертханалық зерттеулер мен барлық жақын байланыста болған адамдардың деректерін өңдегеннен кейін бас санитарлық дәрігердің шешімі бойынша кіреберіс карантиннен алынады.
Қазақстанда 24 адам коронавирустан сауықса, оның 16-сы – Нұр-Сұлтан қаласынның тұрғыны.