Жапондық суретші Akie Nakata адам көзінен жырақта жатқан табиғаттың ерекше жаратылыстарын шығармашылық ізденісінің бір бөлшегіне айналдырған.
Суретші алақанға ғана сиятындай тастардан жануарлардың суретін салып, оларға жан бітіруге құштарлығы туралы айтып, әрбір тасқа салынатын сурет нобайының өз еркінен тыс пайда болатындығын жеткізеді. Boredpanda ақпарат көзі дерегіне сүйенсек, cуретші бұл іспен соңғы он жыл бойы айналысып келеді. Жердің өзін тұтас бір алып тасқа ұқсататын суретші жан-жақта шашылып жатқан тастар әдетте көпшіліктің назарына іліге бермейді, дейді.
Осы кәсіпке бар жан дүниесімен беріле кіріскен суретшінің соңғы уақытта жасаған отыз шақты жаңа туындысы бай коллекциясын толықтырып отыр. Олардың басым көпшілігінде Bored Panda бейнеленген.
Суретші тастарды қандай да бір сурет құралы ғана емес, ерекше пішім ретінде қарастырады әрі тас та иесін тапқанын сеземін, дейді. Тастарды теңіз жағалауында серуендей жүріп іздейтінін айтқан суретшіге бұл кәсібі ерекше шабыт сыйлайды.
АЛМАТЫ