• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Медицина 01 Сәуір, 2020

МӘМС бойынша жеңілдік мерзімі ұзартылды

340 рет
көрсетілді

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна аудармаған азаматтар дәрігерлік көмекті алуды жалғастыра береді. Қазіргі елдегі жағдай ескеріле отырып, олардың медииналық көмек алу құқы  2020 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылды.

– Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап МӘМС-ке толық көшу үшін қажетті дайындық жұмыстарын жүргізгені белгілі. Қазіргі ахуалға байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасымен сақтандырылмаған азаматтар да медициналық сақтандыру шеңберінде көмек ала беретін болды. Бұл жеңілдік 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылды, - дейді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов.

Осы мерзімге дейін елдің барлық азаматы МӘМС-ке қатысушы статусына қарамай, шартты сақтандырылған болып есептеледі және медициналық көмекті ала алады.

Қазір елімізде шамамен 16,4 миллион адам сақтандырылған. Оның ішінде 11 миллионға жуығы – әлеуметтік жағынан әлсіз топтардың өкілі. Олар үшін жарнаны мемлекет төлейді. Осылайша, ел халқының жартысынан көбі мемлекет тарапынан автоматты түрде сақтандырылған.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры –  сақтандыру жүйесінің қаржылық операторы. Елдегі медициналық ұйымдар өздерінің қызметтеріне сай осы қордан ақы алады. Биылға дейін қор 1250-ден астам медициналық ұйыммен шарт жасасқан, олардың 650-ден астамы – мемлекеттік болса, 600-ден астамы жекеменшік медициналық ұйым. Ал жасалған келісім-шарттардың сомасы 1,3 трлн теңгені құрайды.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ