• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Сәуір, 2020

«Birgemiz» қорына 13 млрд теңге түсті

169 рет
көрсетілді

Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирі арқылы онлайн брифинг өткізген Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты.

«Birgemiz» қорына тоқталсақ, бүгінде қорға 13 млрд теңге түсті. Қаржы ашықтығын қамтамасыз ету үшін барлық өңірде қор өкілдіктері ашылды», - деді министр.

Сондай-ақ қордың сайты іске қосылғанын атап өтті.

«Онда келіп түскен қаражат пен шығындар жарияланады, тіпті, чектерге дейін көрсетіледі. Қазір әр өңірде көмекке мұқтаж адамдардың тізімі жасалуда. Олар жақын уақытта қордан көмек алады», - деді Дәурен Абаев.