• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Сәуір, 2020

Алматы: Карантин күндерінде өрт қауіпсіздігін сақтау өте маңызды

166 рет
көрсетілді

Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында шаһардағы карантин жағдайында қолданылатын өрт қауіпсіздігі мен басқа да шараларды қамтамасыз ету жөнінде кезекті брифинг өтті.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар Департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Арман Байгелов: «Алматылықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Ішкі істер министрінің бұйрығымен 1525 құтқарушы ерекше қызмет атқару режиміне ауыстырылды. Тәулік бойы жедел қолдануға 118 бірлік техника мен 355 құтқарушы және өрт сөндіруші дайын. Біз қала тұрғындарын ТЖ режимінен хабардар етіп, ақпараттандыру үшін күніне 5 рет 510 теледидар мен 22 радиоарнаның ақпарат таратуын үзіп отырмыз.

Қалада 24 карантиндік аймақ бар, онда адамдар барлық кіреберістерімен шектелген. ПИК басшылары осындай пәтерлердің бірінде өрт шыққан жағдайда барлық кіреберістің эвакуацияланатынын түсінген жөн. Олар үшін алдын-ала басқа кіреберістердің тұрғындарымен араласпайтындай ауладан орын анықтау керек. Біз сізге және ПИК-теріңізге бірнеше жадынамалар әзірледік және оларды сізге Ватсап месенджерімен бағыттаймыз. Қарапайым талаптарды мұқият оқып, сақтауыңызды сұраймыз. Есіңізде болсын – өртті сөндіреуден гөрі ескерту оңай», деді.

Сонымен қатар ТЖД бастығының орынбасары қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрай келе, төмендегі жәйттерді барлық кезде қаперде ұстау керектігін ескертті:- ешқашан төсекте темекі тартпаңыз. Есіңізде болсын, темекі және алкоголь – өрт шығаруға себепкер белсенді заттар.- балконда темекі тартпаңыз, темекі тұқылын төмен тастамаңыз.- электр сымдарының дұрыстығын бақылаңыз, электр желісіне шамадан тыс сым қоспаңыз, қолдан жасалған электр аспаптарын қолдануға жол бермеңіз.- газ және электр құралдарын қараусыз қалдырмаңыз.- балкондарға (лоджияларға), сондай-ақ эвакуациялық шығу жолдары менбаспалдақтарға жиһаз, үй -жабдықтарын және басқа да жанғыш материалдарды үймеңіз.- балаларды қараусыз қалдырмаңыз, оларды өрт кезіндегі қолданылатын іс-әрекеттерге үйретіңіз.- ас үйде немесе пәтерде газдың аздаған иісі кезінде жарық тұтатпаңыз, ашық отты пайдаланбаңыз – дереу бөлмені желдетіңіз, газ кранын жабыңыз және газ қызметін немесе құтқару қызметін шақырыңыз.