Мегаполисте індет жұқтырған ең алғашқы адам анықталғаннан бері, 2 сәуірге дейін дерт 90 адамнан табылды. Дегенмен, Алматыда қазіргі уақытта коронавирустық инфекция жұқтырғаны расталып, сауығып шыққандар саны – 11 адам. Бұл туралы бүгінгі онлайн-брифингте Алматыдағы Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысы Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді.
Бүгін, 2 сәуірдегі түске дейінгі жағдай төмендегідей: инфекциялық стационарларда Алматы облысының 1 пациентін қоса алғанда, 80 адам емделіп жатыр, оның ішінде 1 бала бар.
68 науқастың жай-күйі – қанағаттанарлық. 2 ересек адамның жай-күйі – ауыр, 10 ересек адамның жай-күйі орташа ауырлық деңгейінде (1 облыстық).
Барлық емдеуге жатқызылғандардың ішінде екі жағдай – бұған дейін анықталған пациенттермен байланыста болған адамдар.
Жаңадан КВИ жұқтырғандармен байланыста болғандар табылған және оқшауланды.
Кеше Алматыда Covid-19-дан сауығып, тағы бір пациент ауруханадан шығарылды.
Қазіргі уақытта провизорлық орталықтарда барлығы 619 адам бар, оның ішінде 81-і бала бар.
Екі күндік карантиндік оқшаулауда 520 адам жатыр, оның ішінде 50-і бала.
Үй карантинінде 3853 азамат бар.