• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Сәуір, 2020

«Астана» велокомандасы жалақыны 30% қысқартты

163 рет
көрсетілді

Сәуір айынан бастап «Астана» велокомандасы жарыс қайта басталғанша қызметкерлерінің жалақысын 30%-ға қысқартады. Бұл туралы sports.kz сайты хабарлады.

Бұған дейін Халықаралық велосипедшілер одағы (UCI) коронавирус пандемиясы салдарынан жарысты тоқтату кезеңін 1 маусымға дейін ұзартқан еді.

«Қазір велоспорт әлемі үшін, сондай-ақ біздің команда үшін күрделі кезең болып тұр. Сондықтан осындай қадамға баруға мәжбүр болдық. Мұның бәрі жақында аяқталатынынан және жарыс жолына қайта түсіп, жеңіске жететінімізден үміттенеміз. Біз жалақыны 30% қысқарту туралы шешім қабылдадық. Бұл сынақтан бәріміз бірге өтуіміз керек», деді команданың бас менеджері Александр Винокуров.

Команданың бұл шешімін барлық велошабандоз түсіністікпен қабылдады.