• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Сәуір, 2020

Алматы облысы: Медицина қызметкерлерінің сыйақысына 137 млн теңге бөлінді

129 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жұқпалы індетпен күресуге жұмылған отандық дәрігерлер еңбегін бағалаудың жаңа шарасы жасалды. Бұл бағыттағы жұмыстар коронавирус инфекциясымен күреске тартылған медицина мамандарымен қоса, құқық қорғау саласының қызметкерлеріне сыйақы беру мәселесін де қарастырады.

Осы мақсатта жұмсалатын қаржы көзін есептеу Алматы облысында да жүргізілуде. Өңірдегі  дәрігерлер мен тәртіп сақшыларын қаржылай қолдау үшін облыстық бюджеттен 137 млн теңге бөлінеді. Бұл туралы аймақ басшысы Амандық Баталов айтты.

- Бірінші кезекте сыйақы медицина қызметкерлеріне беріледі. Бұл мақсатқа біз 137 млн теңге бөлдік. Одан кейін қауіпті инфекцияның таралуын тоқтату үшін, халықтың денсаулығы мен өмірін сақтау үшін  постта күні-түні жұмыс істеп жүрген полиция қызметкерлеріне, басқа да қызметтердің, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне де сыйақы тағайындалады, - дейді облыс әкімі.

Сондай-ақ облыс әкімі барлық санитарлық посттар мен блокпосттарда күшейтілген режимде жұмыс істеуді жалғастыру керектігін айтты. Қазір облыс бойынша барлығы 103 пост ашылған. Оның ішінде 57 санитарлық бекет және 46 карантиндік блок-пост тәулік бойына жағдайды қадағалауда.