Бүгінгі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығындағы онлайн брифинг барысында шаһар басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов тұрғындар үшін ең өзекті мәселелерге тоқталды.
Соның бірі карантин жағдайындағы көшелер, аулалар мен тұрғын үйлердің кіреберістері қандай сұйықтықпен залалсыздандырылады? Адам ағзасына зиянды емес пе? Құстар мен иттер неге өліп жатыр? деген сауалдар.
Қала әкімінің бірінші орынбасары ол үшін Абектерил, Рубин, натрий хлориді сияқты дезинфекциялық ертінділердің пайдаланылатынын айтты. Мамандардың айтуынша, жан-жануарларға мұндай дезинфекциялық заттардан улану қаупі жоқ.
«Дезинфекция жұмыстарына 1,0 пайыздық хлорлы ерітінді пайдаланылады. Қалалық ветерианарлық қызметі КМК қызметкерлері құстарға қауіп келтіретін аурулар болмау үшін зертханалық зерттеулер жасалып, потологиялық материалдарға іріктеу жүргізген еді. Нәтижесінде құстардың бұрынғы мұз айдыны орналасқан 100 шаршы метр алаңқайдан табылғаны белгілі болды. Құстар мұз айдынынан еріген суды ішкен. Ал, ол судың құрамында мұздың ұзақ сақталуы үшін қолданылатын улы заттар, яғни хлодагенттердің болғаны себеп болып отыр», – деді Ерлан Қожағапанов.