• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Сәуір, 2020

Түркістан: Аудандарда көшелер мен аулалар залалсыздандырылуда

361 рет
көрсетілді

Қазіргі таңда Түркістан облысының барлық аудандарында коронавирус індетіне қарсы күрес шаралары күшейтілген. Індеттің тарауына тосқауыл қою мақсатында Төлеби ауданы, Ленгір қаласының орталық Төлеби көшесі толық дезинфекцияланды.

Ал, қалған үлкен көшелер мен ауылдық округтерде бұл бағыттағы жұмыстар белгіленген кестеге сәйкес жүргізілетін болады. Залалсыздандыру жасағы төтенше жағдай бөлімі мамандары мен мектептердің алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдерінен құрылып, 40 ранцты аппаратпен және арнайы киімдермен қамтамасыз етілді.

Бұл жасақтан бөлек арнайы мамандандырылған мекемелер аудан бойынша 91 көп қабатты үйлердің аулалары мен дәліздерін, ойын алаңдарын және орталық көшелердегі 24 аялдаманы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуде.

 

Түркістан облысы