АҚШ президенті Бара Обама күпеген жерден Сирия президенті Башар Асад пен оның армиясына қарсы жалғыз өзі қарсы шығатын түрі бар. Мұның өзі 29 тамыз күні Британия парламенті «Асадқа қарсы әскери операцияға қатысудан бас тартуға» дауыс бергеннен кейін «Ақ үй қожайнының басты одақтасы» Дэвид Кэмерон «халықтың еркін қабылдауға мәжбүр болды». Бұл туралы бүгін «Известия» газеті жазып отыр.
Бұған қоса, НАТО-ның 12 елі, БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі санкция берген жағдайда ғана америкалықтармен тізе қоса отырып, ұрыс қимылдарына қосылатыны белгілі болып отыр. Нәтижесінде Вашингтон өзі бастаған осы дүрбелеңнің басында бір өзі қалып тұр. Ақ үйдің Ирак сценариін қайталамақ болған (онда халықаралық коалицияға 33 мемлекет біріккен) үміті ақталған жоқ. Енді АҚШ президентіне не қалайда ымырасыз қысым жасауға көшетін «арнайы команда» құруға, не Асадты жазалаушы басты да жалғыз елдің рөлін өз мойнына алуға тура келеді.
Айтқандай, Обаманың өз шабуылдаушы еркі де заң жүзінде бір жағынан «АҚШ-тың әскери уәкілеттік туралы қарарымен» (War Powers Resolution) шектеліп қалған. Президент ұрыс қимылдарын жасауға кірісу үшін 48 сағаттың ішінде парламент спикеріне өзінің әрекеттері мен оның себептерін кеңінен талдап көрсеткен жазбаша хатын тапсыруы тиіс. Бұл жағдайда операция тағы 60 күннен артыққа созыла алмайды.
Тағы бір мәселе, егер мұндай қадамға бір өзі бел шешіп бара қалса, Барак Обама Нобельдің бейбітшілік сыйлығының лауреаты деген мәртебесіне де едәуір нұқсан келтіріп алатын сияқты. Ақырында, ол 4-6 қыркүйек аралығында Нью-Йоркте өткелі тұрған G20 саммитіне «бірден-бір тыныштандырушы» ретінде аттана ма, әлде осында жиналғандардың әріптесі ретінде бара ма? Енді оған осының жайын да ойламаса болмайды.
Тағы бі таласты мәселе уәде етілген әуеден дәл соққы беруге негізделген үш күндік операция тиімді болып шығар-шықпасынан туындайды. Әзірге Сирия жағалауында бортында 400 қанатты зымырандары бар төрт америкалық авитасығыш тұр. Кейбір мәліметтерге қарағанда, мұнда тағы 150 «Томагавк» зымыранына дейін шығара алатын екі атом сүңгуір қайығы жүрген сияқты. Қазір бұларға тағы бесінші бір корабльдің құстай ұшып келе жатқаны туралы да хабар тарап жатыр. Бірақ мұның британиялықтардың Сирияны бомбылау үшін Кипрдегі әуе базасынан өз соғыс ұшақтарын ұшырудан бас тартып отырған олқылығының орнын баса қоятыны үлкен күмән тудырады.
Осы кезде Лондондағы Стратегиялық зерттеулер институты (IISS) қазір Сирия армиясында 178 мың солдат (2009 жылы 325 мыңға дейін жеткен) бар екенін мәлімдеді. Оның қарауында 365 ұшақ пен 4,95 мың танк тұр. Әлбетте, Сирия насихат құралдары үркіте айтып жатқандай, оларға «әуеге бір мезгілде өздерін өздері өлімге қиятын 8 мың ұшқышты ұшырып шығарудың» орайы келе қоймайтын шығар, алайда, олардың америкалықтарға айтарлықтай тойтарыс бере алатынына еш шүбә келтіруге болмас. Бұған қоса, оның қол астында тағы элиталы арнаулы қызмет бөлімдері, милиция бар екенін және Ливанның «Хезболлах» күштерінің әріптес болып табылатынын ұмытпасақ керек.
Ресей сарапшылары Сирия армиясында қазір нағыз режімге берілген офицерлердің жинақталғанын айып отыр. Оларда да кезінде сатқын басшылар болыпты. Олар сосын толық жаңартылған. Тағы бір жәйт, Дамаск еш уақытта қару-жарақ пен оқ-дәріге зәру болған емес. Оларда кеңес заманынан келе жатқан өте бай арсенал жиналған. Ал АҚШ-тың шабуылына Сирия армиясы Ресейден сатып алған қазіргі заманғы ең үздік қарулары арқылы лайықты жауап бере алуы әбден мүмкін. Мұндай қарулардың арасында «Яхонт» атты қанатты зымырандары бар кемелерге қарсы «Бастион» кешені, зенит-зымыранды «Бук» және «Панцирь» кешендері ауызға алынады.
Сұлтан Бозайғыр.