Түркияның 35-тен астам қаласынан 300-ден астам студенттеріміз елге қайту үшін Стамбұлға жолға шықты. Бұл туралы Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Facebook парақшасында жазды.
«Түркияның 35-тен астам қаласынан 300-ден астам студенттеріміз елге қайту үшін Стамбұлға жолға шықты. Түркиядағы төтенше жағдайға байланысты бұл сапарды ұйымдастыру үлкен жауапкершілік. Әрбір студенттің саяхат рұқсаты, көлік рұқсаты, медициналық тексеру ТР Сыртқы және Ішкі істер министрлігі және жергілікті губернаторлармен тығыз және жедел жұмыс істеуді қажет етті. Елшілік пен Стамбұл, Анталья консулдық дипломаттарының еңбегі ерекше. Әсіресе осы жолаушылықта қолдау болған барлық жанашыр демеушілерге рахмет» деп жазды ол.