• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Сәуір, 2020

Қызылорда: Полицейлер өрт ішінен төрт баланы құтқарды

256 рет
көрсетілді

Қалалық полиция басқармасының қызметкерлері, полиция капитаны Әлімжан Әлімбетов пен аға лейтенант Бейбарыс Қалымбетов қызметтерін атқару барысында жеке үйлердің бірінен терезесінен бұларға әлденені ымдап түсіндіруге тырысқан кішкентай балаларды байқайды.  

Мұның тегін еместігін сезіп үйге ұмтылған полицейлер үйге кіргенде тұрмыстық заттан шыққан ұшқын өртке айналып, баспана ішін жайлай бастаған екен. Тез арада барлық бөлмелерді сүзіп шыққан қос жігіт үлкені бес, кішісі бір жасқа толмаған 4 баланы өрт ішінен алып шықты.   

Тексеру барысында балалардың әкесі жұмыста болғандығы анықталды. Аналары жақын маңайдағы азық-түлік дүкеніне шығып, есікті сыртынан бекітіп кеткен екен.

«Үйіне оралған анасы өрттен балаларын аман алып қалған полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді», - деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Осылайша қалалық басқарманың криминалдық полиция бөлімінде қызмет істейтін қос жігіт қырағылықтың арқасында тілсіз жау тырнағынан төрт бірдей баланы құтқарып қалды.