Алматы қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің 3 сәуірдегі мәліметтеріне сәйкес, мегаполисте 28 індет ошағы бар.
«Бүгінгі таңда Алматы қаласында 28 індет ошағы бар. Індет өршіп тұрған кезде 42 болған. Қалғандары инкубациялық кезеңнің аяқталуына қарай алынып тасталды», – деді Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингінде Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Айзат Молдағасымова.
3 сәуір күнгі сағат 15:00-дегі жағдай бойынша, қала аумағында төмендегі мекен-жайлар бойыншакоронавирус инфекциясы ошақтары оқшауланды:
Әуезов ауданында – 6 індет ошағы: «Жетісу-2» ш/а., 70а; «Мамыр-4» ш/а,, 313; 6 ықш./ауд., 35; 1 ықш.ауд., 28; «Мамыр» ықш.ауд., 4, 54; Афцинао, 4.
Алатау ауданында – «Ақкент» ықшамауданы,7; «Ақбұлақ» ықшамауданы, 9; Жасыл Желек көшесі, 13; Тойшыбек батыр көшесі, 121; Жанқожа батыр көшесі, 190.
Алмалы ауданында — 2 ошақ: Байзақов көшесі, 190; Панфилов көшесі, 85.
Медеу ауданында – Қонаев көшесі, 62,«Самал-3» ш/а., 25; Достық көшесі, 116; Достық көшесі, 493.
Жетісу ауданында – Волочаевская көшесі, 51; Помяловский көшесі, 25; ш/а 4 ошақ. «Құлагер», 45; Борзов к-сі, 85.
Түрксіб ауданында 2 ошақ тіркелген: «Жұлдыз» ш/а., 45; «Жұлдыз-1» ш/а., 13.
Бостандық ауданында — Навои к-сі, 328; Клочков к-сі, 117; Навои к-сі, 310; «Орбита-1», 27 мекен-жайлары бойынша 4 ошақ.
Наурызбай ауданында – Береке көшесінің 1/97-і ошағы.