Түркістан облысында 3 сәуір күні коронавирус індетін жұқтырған соңғы 3-еудің бірі 2019 жылы туған нәресте екені мәлім болды.
Індет жұқтырғандар науқастармен қарым-қатынас жасаған. Мысалы, 1992 жылы туған науқас Сайрам ауданы, Қосбұлақ ауылының тумасы Біріккен Араб Әмірлігінен келген азаматпен, ал 1991 жылы туған азаматша мен нәресте Нұр-Сұлтаннан поезбен келген әйелмен жақын байланыста болған.
Қазіргі таңда 10 науқас Жетісай ауданында, Кентау қаласында 2 адам, Арыс қаласы - 1, Мақтаарал -3, Ордабасы - 1 және Сайрам ауданында 2 адам тіркелді. Жалпы өңірде коронавирус індетімен 19 адам тіркелген.Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдауда.