• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Сәуір, 2020

Қарағандыда COVID-19 жұқтырған 5 адам анықталды

335 рет
көрсетілді

Бүгін Қарағанды облысында 5 адамнан COVID-19 белгілері табылды, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Бұл науқастардың бәрі де күні кеше осы дерттен көз жұмған Қарағанды қаласының тұрғынымен қарым-қатынаста болғандар екен.

Инфекция жұқтырғандардың арасында 13 жастағы бала да бар.

«Қазіргі таңда коронавирус инфекциясынан қаза тапқан адаммен байланыста болған 200 тұрғын анықталды. Олар провизорлық және карантиндік стационарларға жатқызылды. Барлығынан сынама алынып, зертханалық тексеруге жіберілді. Өзге де байланыста болған тұрғындарды анықтау мақсатында эпидемиологиялық тексеру жұмыстары жалғасуда», деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Биылғы жылдың 4 сәуіріне дейінгі эпидемиологиялық жағдай бойынша, Қарағанды облысында коронавирус инфекциясы анықталған тұрғындардың жалпы саны 27 адамға жетті. Олардың біреуі қайтыс болды. Қалған 26 науқас тиісті ем-дом алып жатыр. Дәрігерлер олардың денсаулық жағдайының қалыпты деңгейде екенін айтады.

 

Қарағанды облысы